Ата-аналар жиналысы
Дата: 2016-11-02 10:53:13
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде қазан айының 28 күні мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.Жиналысқа мектеп әкімшілігі, психолог, сынып жетекшілержәне 60 ата-ана қатысты.
Күн тәртібінде Қ.Р нормативтік -құқықтық актілерін түсіндіру,балаларға зорлық-зомбылық көрсету және қатал қараудың алдын алу бойынша мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдасбекова Маржан Мағазовна баяндама оқыды.
«Бейәлеуметтік жүріс-тұрыстың алдын алу» тақырыбында мектебіміздің психологы Тулеубаева Гүлзағира Жанатқызы бейнероликтер көрсетіп, ата-аналарға кеңестер ұсынды.
Интернет желісін пайдалануда балалардың пайдалануда балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Ата-аналар бақылауы» мәселесі бойынша директордың ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасары Имашова Макпал Баймұратқызы сөз сөйлеп,ата-аналарға балалардың интернет желісін дұрыс пайдалануы бойынша кеңестер айтты.