Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінің «8 наурыз Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арналған іс-шаралардың өткізілуі туралы

Дата: 2016-03-11 09:19:17

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде  29 ақпан күні «Ана деп көркем  жыр төккен, армысың ару нұр көктем» тақырыбында салтанатты  сап жиыны 1-11 сыныптар арасында өтті. Сап жиынында тәрбие ісінің меңгерушілері осы мерекеге сәйкес мектебімізде өткізілетін іс-шара жоспарымен таныстырды.

2 наурыз күні  мектептің 1 қабатына «Ана-бақыт, ана –күн » тақырыбында бұрыш ұйымдастырылды. Сонымен бірге мектеп оқушыларының құттықтау ашық хаттары  ілінді. Бұрышты мектептің аға тәлімгері Н.О.Қалиақпар мен өзін өзі басқару ұйымы мүшелері ұймдастырды.

 

2 наурыз күні мектептің кітапханашысы  Б.К.Қазбекова «Сыйынар ем, ана деген тәңірге» деген тақырыпта мектептің 1 қабатына кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмені мектепке келген ата-аналар және мектептің оқушылары тамашалады.

3 наурыз күні мектептің кітапханашысы Б.К.Қазбекова «Ана-деген теңдесі  жоқ  ұлылық» тақырыбында кітапхана оқырмандырының арасында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының  мақсаты әр баланың жүрегіндегі өз анасына деген сүйіспеншіліктері мен махаббаттарын білдірді.

5 наурыз күні  «Қыз еркем - өнерімен көркем» тақырыбында 3-4 сыныптар арасында  суреттер сайыс өтті. Сайысты мектебіміздің аға тәлімгері Н.О.Қалиақпар ұйымдастырды.

5 наурыз күні 1Б, 5Б, 5А, мектепалды даярлық тобы, 2А сыныптарында «Ардақтайық ананы» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып  сағаттарына әр сыныптағы сынып сағаттарына аналар мен әжелер келіп қатысып, оқушылыардың  өз қолдарынан  жасаған сыйлықтарын сыйға тартты.

7 наурыз күні «Мейірімділікті анадан үйрен» тақырыбындағы мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, бұл күн әдеттегіден өзгеші күн, себебі мектептегі ер мұғалімдер мен ұлдар таңертеңгі уақыттан бастап мектепке  келген ұстаздар мен қыз балаларды құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мектептің 10 сыныбының ер балаларының ұйымдастыруымен өткен мерекелік концертке барлық ұл балалар өз үлестерін қосты. Концерттік бағдарламаның ерекшелігі ер балалардың нәзік жандылардың жүрегіне  жол таба біліп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауы,ерекше сый болды. Бүгінгі күн барлық адамзат үшін әр ананың өзінің орнының жоғары болуы,аналық махаббатқа ештеңенің жетпейтіндігінің тағы бір дәлелі болды. Әр  адамның жүрегіндегі өз анасына деген махаббат пен сыйласымдылықты сезініп,көтеріңкі көңіл күймен үйлеріне қайтты. Әлемдегі бар жақсылықты анаға  тілеп,қаншама сый көрсетсең де әр уақытта ол анаң үшін  бұл құрметтің  аз екендігін біліп,ана алдындағы борышымызда өтеу керек екендіген сезіне білді. Анаға қанша сый көрсетсеңде ол бәрібір аздық ететіндігін түсінген балалардың жүзінен өз аналарына деген  ұлы махабат пен сүйіспеншілікті көруге болады.