«Кәсіптік навигатор» тақырыбында 7-11 сыныптың білім алушыларымен жүргізілген жұмысы туралы

Дата: 2016-02-06 07:12:22

  ЖББ №25 орта мектебінде  2016 жылдың  27-29 қаңтар аралығында«Кәсіптік навигатор» тақырыбында жүргізілген жұмысқа 7-11 сыныптардан  білім алушы қатысты. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде  мектептің биылғы жылғы түлектері Қарағанды облысы бойынша оқытылатын мамандықтар мен оқу орындары және қандай жерлерде бар екендігі жөнінде анықтамалар алды. Талапкерлерді  келешек кәсіпті енді әдеттегі смартфонның көмегімен таңдап алуларына  болатыны қуантты. 

 Қарағанды облысының білім басқармасымен жасалған «Кәсіптік навигатор» арнаулы қосымшасы  арқылы талапкерлер болашақ мамандықты таңдауда бағыт ала алады. Балаларға қосымшаны  ұялы телефондарға жүктеп алып қарапайым тесттен өту арқылы мамандықтың талғамын  анықтауға, қандай оқу орындарынан кеңес алуға болатынын, тіпті жоғары оқу орнындарының мұғалімдер құрамымен танысуға болатынын директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары М.Б.Имашова атап көрсетті. Білім алушылар «Кәсіптік навигатор» бағдарламасында оқу орнындағы  ақысыз оқыту (грант)  туралы анықтамалар алды. 

 

 Осы жұмыс нәтижесінде білім алушылардың «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Шаштараз өнері және сәндік косметика», «Аудармашы», «Ақпараттық жүйелер» , «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты ұйымдастыру» , «Медицина» , «Металлургия және машина жасау», «Ғимараттар мен құрылымдарды салу, пайдалану» сияқты мамандықтарға қызығушылықтырын байқалды.