Размер шрифта:

«Сыйластық»

Дата: 2015-12-04 05:08:26

Күні: 20.11.15 ж.

Сынып: 2- сыныптар.

Тақырып: «Сыйластық» жаттығуы, кеңес.

 Мақсаты:  Тұлғааралық қарым- қатынасты дамыту және ұжымдық ауызбіршілікті қалыптастыру.

         Оқушылар тек қана қимыл мен ым арқылы қасында отырған әріптесіне сыйлаған затты қөрсету керек, ал қөршісі заттың атын атап, сыйлықты алғыс білдіре отырып қабылдайды.

         «Сыйлық алғанда қандай көңіл- күйде болдың?», « Жаттығу сендерге ұнады ма?»- деген  сұрақтарға оқушылар  өз ойларын анық жеткізіп, жауап берді. Бір- біріне берген сыйлықтары ұнады, сабақта қызығушылықтарын танытып, өте белсенді қатысып отырды.

 Жаттығудың соңында білім алушылар жүрек салып,сол жүректің ішіне тілек жазып, бір- бірлеріне жылы лебіздерін білдірді.

Жаттығу өте қызықты өтті.

    

  

Педагог- психолог:                         Казыбаева Д.Ж