Размер шрифта:

«Мейірімділік – қайырымдылық атты тренинг».

Дата: 2015-12-04 04:01:03

Күні: 21.10.15 ж.

Сынып: 6- сынып.

Тақырып: «Мейірімділік – қайырымдылық атты тренинг».

Мақсаты:  1. Мейірімділіқ туралы балаларға түсінік беру;

        2. Күнделікті өмірде осы қасиеттерді қолдануға үйрету.

 Оқушылардан «мейірімділік» жайында сұрақ- жауап арқылы сауалнама алынды.

1.     «Мейірімділік» деген не?

2.     «Неге мейірімді болу керек?»

3.     «Қалай мейірімді болуға болады?» деген  сұрақтар қойылды.

Жауаптары:

1.     «Мейірімділік мен үшін тек адамға  жақсылық жасап қана қоймай оның жан  дүниесін түсіне білу деп ойлаймын.мейірімділік адамды құтқарады. Сондықтан да мейірімді болайық»;

2.     «Әрине мейірімділіксіз біздің әлем қандай болар еді? Көз алдымызға елестету тіпті мүмкін емес. Мейірімділіксіз әлем қараңғы түнекке айналар еді»;

3.     «Адам өзін- өзі,өзгені сыйласа, онда ол мейірімді адам болып саналады»деп жазбаша өз ойларын түйіндеді. Балалардың мейірімділік жайлы өз пікірлірі көп екен.

Сабақ соңында оқушыларға «мейірімділік» жайлы психологиялық кеңес берілді.

  

 

Педагог- психолог:                      Казыбаева Д.Ж