Акция "Я и мой полицейский"
Дата: 2015-10-30 10:35:25
2015 жылдың қазанның 27-30 аралығында «Мен және менің полицейім» атты іс- шара өтті. Іс- шараның мақсаты: мектеп оқушыларына полиция мамандығы туралы жалпы түсінік беру, тұрғылықты жерінің полицейі туралы мағлұматтар білу.
Қазанның 27-сі күні іс- шараның жоспары құрылып, бекітілді. 5- сыныптар «Менің полицейім» атты ақпараттық стенд дайындады.
Бастауыш сыныптар арасында «Мен болашақта полицей болсам» суреттер сайысы өтті. Жеңімпаздар марапаттау қағазымен марапатталды. Орта буын 6-8 сыныптарға «Қазіргі заманның батыр плицейлері» атты бейне ролик көрсетілді. Жоғары сыныптар 9-11 сыныптарға «Мен таңдаған мамандық» атты дәріс өткізілді.
Осы іс-шарадан әр ер баланы полицей мамандығы қызықтыратындығы байқалды. Сонымен бірге осы бейбіт заманда өз мамандығына беріле қызмет істеп, өз өмірлерін қызмет барысында жанын қиған батырларымыздың бар екендігін және оларды мақтан тұтатынымызды байқадық.