Размер шрифта:

Р.Қошқарбаев атындағы техникалық колледжінің оқытушылары Серикова Салтанат Есенгалиевна және Смагулова Сәуле Махметовна Ы.Алтынсарин атындағы N25 ЖББ мектебінің 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

Дата: 2024-05-24 12:29:01

2024 жылдың 21 мамырында Балқаш қаласы Р.Қошқарбаев атындағы техникалық колледжінің оқытушылары Серикова Салтанат Есенгалиевна және Смагулова Сәуле Махметовна Ы.Алтынсарин атындағы N25 ЖББ мектебінің 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Мақсаты: мектеп оқушыларына болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесу. Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі. Колледж оқытушылары дәнекерлеу ісі, кран машинисі, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу, пайдалану, автомобиль жөндеу слесарі, жүк көтергіш машиналар мен транспортерлар, электр жабдықтары, электргазымен дәнекерлеуші, ғимараттар мен құрылыыстарды салу және пайдалану, кең бейінді құрылыс жұмыстарыының шебері мамандықтарымен таныстырды. Артықшылықтары: тегін оқу, емтихансыз оқуға қабылдау, лайықты шәкіртақы, мемлекеттік үлгідегі диплом, жұмыспен қамту шаралары. Оқуға қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімін айтып өтті. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды.