11-сынып оқушылары Ә.Сағынаев атындағы Қарағанды техникалық университетінің және Қарағанды индустриялық университетінің өкілдерімен мамандыққа баулу мақсатында онлайн кездесті

Дата: 2024-05-24 10:44:05

2024 жылдың 16 мамырында Ы.Алтынсарин атындағы N25 ЖББ мектебінің 11-сынып оқушылары Ә.Сағынаев атындағы Қарағанды техникалық университетінің және Қарағанды индустриялық университетінің өкілдерімен мамандыққа баулу мақсатында онлайн кездесті. Университеттің тарихымен, бакалавриат, магистратура, докторантура оқу бағдарламаларымен, негізгі мамандықтарымен,заманауи оқу-ғылыми зертханаларының базасымен таныстырды, бейнеролик көрсетті. Университетте жеке шығармашылық қабілеттілікті дамытуға барлық жағдай жасалған: тегін спорт секциялары, жаттығу залы, шығармашылық үйірмелер, пікір-талас клубы жұмыс істейді.Студенттер 100 пайыз жатақханамен қамтамасыз етіледі.