1-11 сыныптың ата-аналарымен «Қауіпсіз жаз» атты олыстық акция барысында өткізілген жұмыстары бойынша анықтама
Дата: 2015-05-23 10:23:45
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде 23 мамыр күні 1-11 сыныптың ата-аналарымен «Жаз мезгіліндегі өмір қауіпсіздігінің алдын алу» бойынша нұсқаулықтармен таныстыру мақсатында жиналыс өтті. Жиналысқа 170 ата-ана қатысты.
Жиналыста 1-11 сыныптың білім алушыларына жаднамалар таратылып берілді.Сонымен бірге әр сыныптың білім алушыларымен өткізілген нұсқаулықтармен ата-аналарына таныстырылды.
Әр сынып бойынша жыл басында және жыл аяғында таныстырылған нұсқаулықтар талқыланды.
Бұл нұсқаулықтарда әсіресе жаз мезгілінде әрқашан есте қатты сақтауға тиісті «Жол қауіпсіздігі», «Судағы қауіпсіздік», «Өрт қауіпсіздігі», «Үйде жалғыз болғанда» , «Аулада қауіпсіздік» , «Үйдегі электрмен жабдықталған техниканы пайдалану», «Көшедегі қауіпсіздік», «Мұз үстіндегі қауіпсіздік» , «Пиротехнакалық заттарды қолданбау» туралы нұсқаулықтармен таныстырылды.