Размер шрифта:

Информация о проведении конференции "Психологическая помощь родителям при подготовке подростка к сдаче ЕНТ."

Дата: 2015-05-16 08:40:16

Ы. Алтынсарин атындағы ЖББ № 25 орта мектептің

«Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата- аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбындағы өткізілген конференция жиналысына анықтама.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен мектебімізде бірыңғай ата- аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыстың мақсаты: ата- аналарға кез- келген жағдайлардағы қиындықтарды сауатты жеңе білуге көмек бере алатын, қажетті білім мен шеберліктер беру.

Жиналысты директордың міндетін атқарушы  Амирбаева С.С құттықтау сөзімен бастады.

Мектебіміздің психологы Казыбаева Д.Ж  бүгінгі өткізіліп отырған конференцияның мақсат- міндеттерін таныстыра отырып, ата- аналарға пайдалы кеңестердің түрлерін көрсетті. Атап айтсақ: ата- аналарға «Менің әкем» және « Ана» туралы бейнеролик, үш « Қ» заңы, ережелер, « Есімдер» жаттығуы, стратегиялар, « Түлектердің ҰБТ- ге деген көзқарасы» бейнефильмі көрсетілді, бүгінгі конференцияға ата- аналар: Мукашбекова А, Есбекова М -ҰБТ тапсыратын оқушыларға ақ жол, мұғалімдерге шығармашылық табыс тіледі.

Конференция соңында психологтардың әнұраны шырқалып, жадынамалар таратылды.

  

 

    

  

  

  

Мектеп директорының м.а.             Амирбаева С.С

Мектеп психологы                          Казыбаева Д.Ж

Сынып жетекшісі                            Қасатова Б.Т