Жасдәурен жазғы алаңы I ауысым VI күн

Дата: 2023-06-20 14:51:32

12-маусым күні “Жасдәурен” жазғы алаңының балалары мектеп кітапханасына саяхат жасады. Мектеп кітапханашысы “Сүйікті ертегілер әлемі” атты тақырыпта балаларға ертегілерден қойылым көрсетті. Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Ертегілерде көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Ертегі оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамытады. Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуге тәрбиелейді.