Размер шрифта:

“Отбасы – бақыт мекені” атты ата-аналар форумы

Дата: 2023-06-02 11:32:30

2023 жылдың 23 мамыр күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі” КММ-де мектеп пен отбасы арасында ынтымақтастықтың берік іргетасын қалау мақсатында мектепішілік “Отбасы – бақыт мекені” атты ата-аналар форумы өтті. Мұндай бастамалар, ата-аналар форумы – өте маңызды. Бала тәрбиесі – ортақ мүдде. «Ата-ана – мектеп – оқушы» үштігі тығыз қатынаста жұмыс істесе, көп жетістікке жетері сөзсіз. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасында сақталатын құндылықтарды келешек ұрпаққа сіңіре отырып, алдағы өміріне мәңгілік азық болатындай тұлға тәрбиелеу ұстаз мен ата-ананың міндеті.
Отбасылық құндылықтарды ұстаным еткен форумның семинар-тренинг пен сұрақ-жауап бөлімі ата-аналарға ой саларлық құнды ақпараттарға толы болды.
Форум жұмысы әлеуметтік мәдени құндылықты дәріптейтін Шәмші Қалдаяқовтың өнеріне арналған “Қазақтың 100 ән” жобасымен түйінделді. Ұстаздар мен оқушылар Шәмші Қалдаяқовтың әндерін шырқап, сахналық көрініс қойды. “Қазақстаным” атты хор орындады.
Сонымен қатар мектеп директоры Г.С.Мейрбекова оқу-тәрбие үрдісіне және қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысқан ата-аналарды алғыс хаттармен марапаттады.
“Ата-ана - мектеп - оқушы” үштігінің үйлесіміне негізделген форум ерекше көңіл-күймен қорытындыланып, отбасы құндылықтарын азаматтық ұстаным еткен форумға қатысушыларға серпіліс сыйлады.