Размер шрифта:

“Құқық және тәртіп” министрінің ұйымдастыруымен «Абайла балақай!» тақырыбында акция

Дата: 2023-05-14 16:50:14

“Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі” КММ-де 13.03.23 жылы жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін “Парасат” мектеп парламентінің “Құқық және тәртіп” министрінің ұйымдастыруымен «Абайла балақай!» тақырыбында акция өткізілді. Бұл жоба аясында мектеп оқушылары жол жүру ережелерін ғана емес, көшеде өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуді де үйренеді. Ондағы мақсат – мектеп жасындағы балаларды жол-көлік апаттарынан сақтандыру. Мектебіміздің Жас жол инспекторлары өткен акцияға белсене қатысты. Бұл шара балалардың қатысуымен болған жол көлік оқиғаларының себептері мен мән-жайларын зерттеу, мектепке баратын, мектептен қайтатын, балалар жиі баратын орындарда қауіпсіз қозғалыс бағыттарын әзірлей отырып балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Есіңде болсын!
Жолдағы қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін, ұқыпты және сергек болып, жолда жүру ережелерін білу және орындау қажет. Бұл сенің денсаулығыңды және өміріңді сақтайды.