Размер шрифта:

"Қыз қылығымен көркем" атты 6,7 сыныптарының қыздар жиналысы

Дата: 2023-05-11 19:17:39

Сынып жетекші Жеткін Н.Х мен мектеп медбикесі Тускеева Б.А қатысуымен "Қыз қылығымен көркем" атты 6,7 сыныптарының қыздар жиналысы өткізілді. Мақсаты: Халықтық тәлім-тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсете отырып сыпайылыққа, қыздарды сыйлауға, әсемділікке, сұлулыққа құштарлығын арттыру, көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Оқушылардың шығармашылық ойын, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, аналарға деген сүйіспеншілігімен құштарлығын одан әрі дамыту.