Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы
Дата: 2022-11-14 14:06:15
Мемлекет басшысы К.Тоқаевтың жаңа жолдауы барша қазақстандықтарға бір серпін беріп тастады. Бұл жолдау басқа жолдауға қарағанда өзгеше, ауқымы кең, мазмұны да бөлек болды. Білім беру саласы мемлекет үшін бірден бір маңызы зор екенін баса айтты. Мектепке дейінгі тәрбие беру ісін қолға алу, тәрбиешілердің жалақысын көтеру үшін , аттестациядан өткізуді ескертті. Әрбір оқушының жан –жақты дамуы үшін, қолайлы жағдай жасауға басты назар аударды. Балалардың ойын әрекеті мен үйлесімді дамуына бағытталған мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бойынша білім беру бағдарламалары дайындалады. Апатты жағдайдағы мектеп мәселесі 2025 жылға дейін толық шешілетіні айтты.
«Жайлы мектеп ұллттық жобасы» қолға алынатын болды, 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалатынын, осылайша апаттағы жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесі шешілетінін атап көрсетті. Дарынды оқуышыларды қолдау шараларын қабылдауды тапсырды, осы тапсырманы орындау мақсатында, заңнамаға өзгерістер енгізу керектігін айтты.
Әлеуеттік осал отбасылардан шыққан балаларды, оның ішінде «Цифрлы ұстаз» жобасы аясында қолдау шараларын қабылдауды тапсырды. Мектеп формасы, кеңсе тауарларын сатып алу- материалдық көмек көрсетуге назар аударылды. Республикалық гранттар санының көбейетінін, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі отбасыларына көмек көрсетілетілу, осының аясында мемлекеттік гранттар санының көбейетіні елді қуантты.
Ең өзекті мәселе болған, көпшіліктің қалауынан шыққан 18 жасқа дейінгі балалардың шотына Ұлттық қордың инвестициялық табысынан ақша түсіп отырады. Бұл ақша 18 жасқа дейін алынбайды. Келешкете сапалы білім алуға, үй алуға жұмсай алатыны халықты қуантты.
Қорытындылай келе «Еліміздегі еңбекқор адам- ең сыйлы адам болады» деп ой тастады.