Сайлау - 2022
Дата: 2022-10-14 08:55:09
Парламент – оқу-тәрбие процесінің проблемаларын шешуде мектеп әкімшілігінің таптырмас көмекшісі.
Парламентте оқушылар мен педагогта бірлесіп ынтымақтасуға үйренеді, маңызды мәселелерді шешуде толық құқылы әріптес болады. Парламент – бұл білім алушылардың білім беру ұйымын бірлесіп басқаруға, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі мәселелерді шешуге қатысу нысаны.
Парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.
2022 жылдың 15 қыркүйек күні мектеп өмірінің мәселелерін шешуде өзін-өзі басқарудың қабілет-дағдыларын арттыру және оқу ордамыздың жаңа Президентін анықтау мақсатында Мектеп Парламентінің Президентінің сайлауы өткізілді.
Президенттікке үміткер 4 оқушы қатысып, өздерінің сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Мектеп президентін сайлау оқушылар мен мұғалімдердің дауыс беруі арқылы өтті. Сайлаудың қорытындысы бойынша: 9Б сынып оқушысы Аманбаева Жібек - 11 дауыс, 10-сынып оқушысы Мағау Айгүл - 15 дауыс, 9А сынып оқушысы Толеухан Еркеназ – 48 дауыс, ең көп 75 дауыс жинаған 9Б сынып оқушысы Тлеубай Нұрислам Мектеп Парламентінің Президенті болып сайланды. Сонымен қатар 8 фракцияға министрлер:
1. Құқық және тәртіп министрі – 8А сынып оқушысы Төкентай Ақерке;
2. Ақпарат министрі – 9Б сынып оқушысы Богданова Аида;
3. Өзін-өзі тану және бақыт министрі - 9А сынып оқушысы Несіпбай Жұлдыз;
4. Спорт және салауатты өмір салты министрі – 11 сынып оқушысы Ерланов Ерсін;
5. Экология және еңбек министрі- 8А сынып оқушысы Мадалиева Гүлім;
6. Қамқорлық министрлері – 10-сынып оқушылары Назарова Дильназ, Карина Жаннур;
7. Мәдениет және өнер министрлері - 8А сынып оқушысы Манатханова Іңкәр, 9А сынып оқушысы Қалижан Ақтоты;
8. Дебат министрлері - 8А сынып оқушысы Кенбабина Аяулым, 8Б сынып оқушысы Жолдыбай Толғанай;
Мектеп Парламенті Президенті Тлеубай Нұрисламды мектеп сайлауындағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Оған және оның командасына мектепішілік саясатта сәтті бастама, жемісті жұмыс, мектептің дамуына бағытталған жобаларды жүзеге асыруда сәттілік тілейміз!