Размер шрифта:

«Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» тақырыбында сынып сағаты

Дата: 2022-02-16 15:00:40

ҚР Тұңғыш Президент күніне орай 25.11.2021 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінің 8 "Б" сыныбында «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты патриотизмге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, Тұңғыш Президент күнінің маңызын айқындату. Балалар еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасып дамуына қосқан үлесі туралы түсіндіру. Оқушыларға Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс екені, Қазақстанға олардың жасампаз еңбектерінің, күш жігерлерінің қажет екені туралы айтылды.

30 жыл аралығында көреген басшылығының арқасында жеткен жетістіктеріміз туралы мәлімет берілді. Оқушылар елбасымыздың сенімін ақтайтындай азамат пен азаматша болу керектігін түсінді.