Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Саяқ кентінің №6 жалпы білім беретін мектебінде кемеңгер ұстаздың ағартушылық идеясының тәрбиелік мәнін насихаттау жұмысы
Дата: 2021-10-04 10:56:47
«Кел, балалар , оқылық!» деп ұлы педагог алғашқылардың бірі болып балаларды оқуға, білім алуға шақырды.Қазақ жастарын оқуға үндеумен қатар балаға жастайынан дұрыс тәрбие беру, өмірде бар жақсы да асыл қасиеттерді бойға сіңіруге, бір сөзбен айтқанда адамның адам деген ардақты есімін ақтай алатын тұлға қалыптастыруға бар күш жігерін салып, соның негізінде өзінің жазушылық , аудармашылық еңбектерінің негізгі мәнін тәрбиелік бағытта жүзеге асырды.
Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Саяқ кентінің №6 жалпы білім беретін мектебінде кемеңгер ұстаздың ағартушылық идеясының тәрбиелік мәнін насихаттау жұмысы жалғастырылуда.Қыркүйек айында 4 «А» сынып оқушылары «Баланың айласы» әңгімесін қуыршақ театры , 4 «Ә» сынып оқушылары «Әке мен бала» әңгімесін мультипликациялық дыбыстау және 4 «б» сынып оқушылары И.Паульсоннан аударған «Тышқанның өсиеті» әңгімесін сахналық қойылым арқылы көрсетті.
Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды болса да, олардың ішіндегі тәрбие берер терең мағыналы сөздердің болуы, әр әңгіменің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аудару- ұлы ағартушы Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшелігі.
Ұлы ағартушының әдеби шығармаларында көрініс тапқан ағартушылық идеяларының тәрбиелік рөлі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ.