Размер шрифта:

Жалпы ережелер.

Дата: 2021-04-05 10:26:22

 

1.Жалпы ережелер.

 1.1.  Әскери патриоттық үйірме -дене тәрбиесін және  спортты  дамытуға, оқушылардың  бойында  жоғары  әскери-патриоттық  сезімді      тәрбиелеуге  бағытталған  балалардың  мектептегі  ерекше  ұйымы болып  табылады.

1.2.  Үйірме  мушелері-үйірменің атын, ұранын,жалауын, төсбелгісін  таңдайды.                                                                                             

1.3.  Үйірме жарғысын мектеп  басшысы  бекітеді.                                           

Үйірме жұмысына АӘД пәні ұйымдастырушы- оқтушысы жетекшілік етеді.

1.5.  Үйірме өз жұмысына қалалық білім беру бөлімі, спорт және туризм

бөлімі қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен тығыз байланыста атқарады.

Үйірмеге қабылдау шарты.

Үйірмеге мүшелікке дене тәрбиесі және спортпен шұғылданатын , сабақ үлгерімі жақсы, тәртібі үлгілі мектеп оқушылары қабылданады.

Үйірмеге қабылданған оқушылардан салтанатты ант қабылданады.   

3. Үйірме мүшелерінің құқықтары.

 Үйірме мүшелері мектепте , қала көлемінде өткізілетін әскери спорттық жарыстарға, патроттық бағытта өткізілетін сайыстар, конкурстарға қатыса алады.

 Үйірме мүшелеріне үйірменің белгілері бар арнайы үлгімен киім киюге рұқсат етіледі.

 Үйірме мүшелеріне арнайы төлқұжат беріледі.

4.Үйірме мүшелерінің міндеттері.

 Үйірме мүшелері тәртіпті болуға, сабақтан қалмауға, барлық пәндерден үлгеруге міндетті.

Дене тәрбиесі және спортпен үнемі шұғылдануға, салауатты өмір салтын насихаттауға;

Үйірменің барлық іс-шараларына үнемі қатысуға;

4.4.  Мектепте, үйде, қоғамдық орындарда жоғары мәдениеттілік үлгісін 

        көрсетуге;

Антта айтылған барлық талаптарды қатаң орындауға;   

4.6.     Үйірме мүшелері қала көлемінде өткізілетін сайыстарда мектеп  намысын әрдайым қорғауға міндетті.

4.7.    Мектептің мүлкін ұқыпты қарап, оқу-материалдық базаны  жетілдіру үшін оқытушыға көмектесуге;

4.8.    Өз камандасының атын жоғары ұстауға міндетті.

         5. Рота командирінің міндеті.

5.1.   Өзін еңбекте де,сабақта да үлгілі тұтуға;

5.2.   Барлық взводтың құрамымен мүшелерін толық білуге;

5.3.   АӘД пәні оқытушысымен бірге клуб мүшелеріне  әр түрлі сабақтар мен жаттығулар өткізуге;

5.4    Барлық жарысқа қатысқан оқушылардың есебін алып отыруға міндетті.

         6. Үйірме жетекшісінің міндеті.

6.1.   Үйірме жетекшісі үйірме жұмысын ұйымдастырып басқарады.

6.2 .   Үйірме мүшелерінің өмір қауіпсіздігіне жауап береді.

6.3.    Үйірме мүшелерімен жаттығулар,әскери-патриоттық бағыттағы сабақтар,кездесулер өткізеді.

6.4.   Мектепте, қала көлемінде өткізілетін сайыстарға қатысуға командалар дайындайды.

6.5.   Балалар ұйымдарымен, басқа әскери патриоттық үйірмелермен тығыз байланыс орнатып, жұмыс жүргізеді.  

6.6.    Үйірменің жұмысы, атқарылған жұмыстар туралы мәліметтерді   қалалық білім беру бөліміне өткізеді.

         7. Үйірме жұмысының негізгі бағыттары.

7.1.   Қарулы Күштердің даму тарихын, әскери жарғыларды оқып  үйрену, улттық және қәзіргі заманғы ұрыс техникаларымен  таныстыру.

7.2.   Саптық және атыс дайындығына үйрету.

7.3.   Топографиялық  картамен жұмыс жасау және бағдарлануға үйрету.

Өмір қауіпсіздік негіздеріне, алғашқы көмек көрсету әдістерін  үйрету.

                       8. Үйірме мүшелерін көтермелеу тәртібі.

8.1.   Алғыс айту және жеке карточкасына енгізу;

8.2.   Мақтау қағазімен және заттай сийлықтармен марапаттау;

Мектеп туының жанында түскен фотосүретімен марапаттау;

8.4.   Үйірменің қурмет кітабына енгізу;

8.5.   Аудандық газеттерге жариялау;

             9.Үйірме мүшелеріне жаза қолдану тәртібі.

9.1.   Ескерту;

9.2.   Сөгіс беру;

9.3.   Сенімсіздік білдіріп қатаң сөгіс беру;

9.4.    Үйірме мүшелігінен бір ай мерзімге шеттеу;

9.4.    Үйірме мүшелігінен шығару.