Размер шрифта:

«Халық арасында қаржы ресурстарын және экологиялық ойлауды сақтау мәселелері бойынша оқыту және практикалық- бағдарланған іс- шаралар кешенін өткізу» бойынша биология пәні мұғалімі М.М.Мамырбаева Zoom платформасы арқылы 7-9 сыныптар арасында тренинг

Дата: 2020-12-15 16:36:02

                                                                               

2020 жылдың 17  -інші   желтоқсаны күні     Балқаш қаласы Ы. Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі  «Үнем-қоғам қуаты» бөлімі бойынша  «Рухани Жаңғыру»  бағдарламасының  аясында   «Халық арасында қаржы ресурстарын  және экологиялық ойлауды  сақтау мәселелері бойынша оқыту және практикалық- бағдарланған іс- шаралар кешенін өткізу» бойынша биология пәні мұғалімі М.М.Мамырбаева  Zoom платформасы арқылы 7-9 сыныптар арасында   тренинг ұйымдастырды.

Мақсаты:Жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылығын, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.

Міндеттері: 1.қоршаған ортаға жауапсыздықпен қарауға жол бермеу

                       2.жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру

                       3.қоғамның пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту.

Экологиялық мəдениеттің рухани формасы — экологиялық сана, ол адамның табиғатқа жəне адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастағы мəдени дəрежесін көрсетеді. Адамның экологиялық мəдениетінің аспектлерінің көп түрлілігін мынадай тұрғыда көрсетуге болады: экологиялық білім мен біліктілік, экологиялық ойлау, құндылық бағыт-бағдар, экологиялық дəлелденген (ақталған) мінез-құлық.

Экологиялық мəдениеттілік оқушының сезімін тəрбиелеуден, экологиялық сананы қалыптастырудан шығады. Адамның табиғатпен өзара қатынасындағы білімі, сенімі жəне дағдысының жиынтығы экологиялық сананы білдіреді.

В.И.Вернадский өзінің еңбектерінде: «Экологиялық сана — адамның дүниеге, өзіне шығармашылық қарым- қатынасы», — деген пікір айтады 

Қорыта айтқанда, экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды, білім мен тәрбие процессінде пайдалану мұғалімнің терең білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты болады. Экологиялық тәрбиеге байланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастыру қажет.Экологиялық мәдениет, жалпыадамзат мәдениетіндегі құрамдас бөлігі болып келеді, адам арасындағы құнды қарым– қатынас көлемі және әлеуметті табиғат ортасындағы процесстің пайда болуы және материалдық және рухани құндылықты және мінезін анықтайды, бағалы бағыт жүйесі пайда болады және қоғамның жауаптылық сатысы және тұрақты биосферадағы жеке адамды сақтау, экологиялық іс- әрекетті дәлелдеу және адамзат қызметінің шешімінде және барлық түрлерде игеріледі, табиғатты қорғау және танумен байланысты. Барлық танымдық қызмет кезеңдерінде экологиялық мәдениетті құрастыру келе- келе болады, басқа бөлек жалпы білім беру пәндерінде оқытылады. Сонымен, экологиялық мәдениет барлық білім алушылардың ойларында құрастырылуы керек, оны құрастыруға білім беру ұйымдарына үлкен жауаптылық жатады.