Размер шрифта:

«Дәстүр мен ғұрып » бөлімі бойынша «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында «Отбасы- ұлт тірегі» атты отбасылық альбомдар байқауы ұйымдастырылды.

Дата: 2020-12-10 09:30:55

                                                                           

   2020 жылдың 10 – ыншы желтоқсаны күні Балқаш қаласы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі  «Дәстүр мен ғұрып » бөлімі бойынша «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының  аясында   «Отбасы- ұлт тірегі» атты отбасылық альбомдар байқауы ұйымдастырылды.

Мақсаты: Бұл отбасылық альбомдар байқауының мақсаты отбасы құндылықтары мен ұрпақ арасындағы байланысты сақтау. Отбасы - Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды ұя. Данышпанның да, ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі осы үйде қаланған. Жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» - дегендей бұл отбасылық альбомдар байқауына мектебіміздің 5-7 сынып оқушылары қатысты.Оқушы өз отбасының құндылықтары мен тарихи толғаныстарынан сыр шертіп, спорттың өмірдегі маңыздылығы туралы отбасылық суреттерінде көрсетіп, өздерінің жанұясындағы өмір белестері туралы айтты.

Отбасындағы рухани қарым-қатынас қызметі – бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерін қанағаттандырудың рөлін атқарып болашақ ұрпақтарына жол көрсетеді.

Отбасы - әр бала үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушы қор ретінде өз баласына өткен өмірлерінің тарихи шежірелерін үнемі насихаттап отыруы керек. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуіне негіз бола отырып тәрбие береді. «Отбасы – өмір айнасы» - десемде қателеспеймін себебі бүгінгі байқауға қатысқан балалардың жұмысынан отбасының құндылығы мен маңыздылығын және тарихи оқиғалардағы батылдық пен байсалдық, қайрат пен сабырлық туралы кеңінен түсінгенін сонымен қатар спорттың денсаулыққа пайдасын зор екенін насихаттап, өмірде де өнер де шығармашылықтың атқаратын рөлінің зор екенін көрсете білді.

Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы - алғашқы қадамы болып табылады. Осындай байқауға белсене ат салысқан мектептің оқушылары мен жетекші тәлімгерлеріне алғысымыз шексіз.

Оқушыларымыз «Отбасы  - өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ» - демекші осы баспалдақтардың жанұядағы өмірінің ерекшелігін еркеше айқындап көрсете білді.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз. Осы кішкентай ғана мемлекеттегі әр баланың өз отбасының маңыздылығы туралы түсінгені біз үшін үлкен мәртебе.

«Отбасы – өмірдің тірегі» – дегендей бұл байқауға 5-8 сынып оқушылары қатысты. Байқаудың нәтижесі бойынша I орынмен – 8А сынып оқушысы Мағау Айгүл, 8Б сынып оқушылары Мэденятова Әмина, Мураталы Адина, II орынмен – 5Б сынып оқушысы Амангелді Нәдір, 6А сынып оқушысы Аскарова Нурай марапатталды. Барлық қатысушыларға мадақтама қағаздар тапсырылды.

      

ДТІЖО                          М.М.Жолдасбекова

                                       Д.Ж.Казыбаева