16.11.2020 жылы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінің 11-сынып оқушыларымен "Тәрбиелілік жайлы сөйлесейік" атты тәрбие сағаты өтті.
Дата: 2020-11-19 14:20:13
16.11.2020 жылы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінің 11-сынып оқушыларымен "Тәрбиелілік жайлы сөйлесейік" атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында оқушылармен бірге қазақтың ұлы ағартушы М.Жұмабаевтың «Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек" деген ұлағатты сөзі ой талқыға салынды. Оқушылар осы тарапта өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.