Оқушыға,ата-анаға арналған нұсқаулық
Дата: 2020-03-31 16:13:35
Орта білім беру ұйымдарының қашықтықтан оқыту жағдайындағы оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қызметі
Білім алушы:
-қолжетімді байланыс құралдары арқылы онлайн-сабақтардың кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысады;
-күн сайын кестеге сәйкес ТД-сабақтарының трансляциясын, сондай-ақ пән мұғалімі көрсеткен барлық қолжетімді электрондық платформаларды қарауға міндетті;
- күнделікті тапсырмаларды өз бетінше орындайды, соның ішінде орта білім беру ұйымдары белгілеген қолжетімді байланыс құралдарын пайдаланады;
-сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен күнделікті байланыста болады;
- пән мұғалімінің түсініктемесінен кейін қателермен жұмыс жасайды;
- күн сайын электронды күнделікте жеке кабинетке, электронды поштаға және басқа да байланыс жүйелері мен технологияларына кіреді;
- күнделікті орындалған тапсырмаларды педагогке қолжетімді байланыс құралдары (электронды күнделіктер, электрондық пошта, Whatsapp чаттар және т. б.) арқылы, сканерлеу (немесе фото) түрінде педагогтердің талаптарына сәйкес ұсынады;
- оқу тапсырмаларын орындау кезінде академиялық адалдық ережелерін және өзін-өзі бақылау қағидаларын сақтайды;
- қосымша электрондық білім беру ресурстарын пайдаланады.
Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері) :
- оқу үшін жағдай жасайды;
-жұмыс кестесімен, сабақ кестесімен, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру процесімен танысады;
- білім алушылардың үй тапсырмаларын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
- сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен байланыста болады.