Қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналар мен оқушыларға арналған жадынама:

Дата: 2020-03-30 10:15:45

-сабақтың басталу уақыты .... (сабақ кестесінде көрсетіледі);

 

-сабақ кестесі оқушының жұмыс орнына (көрінетін) жақын жерде болуы керек;

-сабақтар қатаң түрде уақытында өткізіледі (кесте бойынша)

-егер, бір үйде бірнеше оқушы болып  құрылғы біреу ғана  болса( смартфон, компьютер, ноутбук т.б.) кестеден ауытқу жасауға болады, алайда барлық оқушылар сағат 16.30 ға дейін сабақ оқуды аяқтау керек болады ;

-компьютер (телефон) толығымен зарядталған болуы тиіс, кешке дайындап қойған жөн;

-арнайы сабақ оқу орны белгіленуі шарт;

-сабаққа уақытында қосылыңыз: сабақ басталуға 5 минут қалғанда;

-балалардың жуынып, таранып, ұқыпты киінуі маңызды (жатынкиім мен халаттарда емес);

-бөлмеде қатаң тыныштық сақталуы керек, сыртқы дыбыстарды өшіруді ұмытпаңыз. Сабақ уақытында отбасындағы басқа балалар  мен үй жануарларының кедергі келтірмеуін назарда ұстаңыз;

-сабақ барысында балалардың бөлмеден шықпауы, орынсыз тамақтанбауы, басқа бөгде заттарға алаңдамауы, онлайн сабақтан шығып кетпеуі назарда болуы керек;

-оқушы мұғалімнің нұсқауларын қатаң орындауы керек;

-мұғалімге сұрақтар сабақтың түсіндірмесінен кейін, яғни мұғалім сұраған кезде ғана қойылады;

-сабақты түсіндіру кезінде ата-аналар мен балаларға чатта жазуға тыйым салынады;

-балаға жауап бергенде орнынан тұрудың қажеті жоқ;

-мұғалімнің рұқсатынсыз суретке, бейнетаспаға түсіруге, жүргізілген сабақты әлеуметтік желілерде жариялауға қатаң тыйым салынады;

-сабақ барысында ата-аналарға араласуға шектеу қойылады;

-сабақта оқушының себепсіз қатыспай қалғаны үшін ата-ана жауап береді.