Қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналар мен оқушыларға арналған жадынама:
Дата: 2020-03-30 09:15:45
-сабақтың басталу уақыты .... (сабақ кестесінде көрсетіледі);
-сабақ кестесі оқушының жұмыс орнына (көрінетін) жақын жерде болуы керек;
-сабақтар қатаң түрде уақытында өткізіледі (кесте бойынша)
-егер, бір үйде бірнеше оқушы болып құрылғы біреу ғана болса( смартфон, компьютер, ноутбук т.б.) кестеден ауытқу жасауға болады, алайда барлық оқушылар сағат 16.30 ға дейін сабақ оқуды аяқтау керек болады ;
-компьютер (телефон) толығымен зарядталған болуы тиіс, кешке дайындап қойған жөн;
-арнайы сабақ оқу орны белгіленуі шарт;
-сабаққа уақытында қосылыңыз: сабақ басталуға 5 минут қалғанда;
-балалардың жуынып, таранып, ұқыпты киінуі маңызды (жатынкиім мен халаттарда емес);
-бөлмеде қатаң тыныштық сақталуы керек, сыртқы дыбыстарды өшіруді ұмытпаңыз. Сабақ уақытында отбасындағы басқа балалар мен үй жануарларының кедергі келтірмеуін назарда ұстаңыз;
-сабақ барысында балалардың бөлмеден шықпауы, орынсыз тамақтанбауы, басқа бөгде заттарға алаңдамауы, онлайн сабақтан шығып кетпеуі назарда болуы керек;
-оқушы мұғалімнің нұсқауларын қатаң орындауы керек;
-мұғалімге сұрақтар сабақтың түсіндірмесінен кейін, яғни мұғалім сұраған кезде ғана қойылады;
-сабақты түсіндіру кезінде ата-аналар мен балаларға чатта жазуға тыйым салынады;
-балаға жауап бергенде орнынан тұрудың қажеті жоқ;
-мұғалімнің рұқсатынсыз суретке, бейнетаспаға түсіруге, жүргізілген сабақты әлеуметтік желілерде жариялауға қатаң тыйым салынады;
-сабақ барысында ата-аналарға араласуға шектеу қойылады;
-сабақта оқушының себепсіз қатыспай қалғаны үшін ата-ана жауап береді.