Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты аудио-видео жазбаның тұсау кесері
25 ақпан күні қала мектептерінің кітапханашылары арасында №9 орта мектебінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты аудио-видео жазбаның тұсау кесері өткізілді.
Мақсаты :Абайдың қара сөздерін жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөз ретінде бағалауға болады.
Әрбір мектепке берілген 4 қара сөзден видеоны тақырып желісі бойынша жасалынды. Бұл үлкен шараға біздің мектеп оқушылары да белсене қатысып, 7 «Ә» сынып оқушысы А.Искакова Абайдың 1 қара сөзін , 7 «А» сынып оқушысы А.Жұматай Абайдың 7 қара сөзін оқыды. 9 «А» сынып оқушысы Ә.Жақсыбекова мен 8 «А» сынып оқушысы Ж.Ерболқызы «Көзімнің қарасы» әнінен шашу шашты. Әрбір мектеп кітапханашыларына 45 қара сөздің толық жасалынып, жазылған аудио-видео жазбасын қалалық білім бөлімі әдіскері Р.Бакаева табыстады.