Мектеп координаторы Ж.М.Имангалиеваның ұйымдастыруымен «Тоқсандық жиынтық бағалаудың қорытындысын модерациялау» тақырыбында тренинг өтті.

Дата: 2019-12-25 10:46:47
Мектеп координаторы  Ж.М.Имангалиеваның ұйымдастыруымен  «Тоқсандық жиынтық бағалаудың қорытындысын модерациялау» тақырыбында  тренинг  өтті.

Балқаш қаласы ЖББ №5 орта мектебінде  желтоқсан айында  мектеп координаторы  Ж.М.Имангалиеваның ұйымдастыруымен  «Тоқсандық жиынтық бағалаудың қорытындысын модерациялау» тақырыбында  тренинг  өтті.   Мақсаты:  Әріптестердің  кәсіби құзыреттіліктерін арттыру,білім мазмұнын жаңарту аясында  тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау  бойынша әдістемелік көмек көрсету,кәсіби дамуына ықпал  ету.  Міндеттері: Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау үдерісінің тәртіптерін айқындау, бағалауға арналған құжаттармен таныстыру.

 Тренингке пән мұғалімдері,   жас мамандар қатысты.  Бастауыш,  қоғамдық-гуманитарлық пәндер және  математика-жаратылыстану  пәндері  бағытындағы мұғалімдер  үш топқа бөлініп  модереция кезіндегі  кездесетін қиындықтар, оларды шешу жолдары, құжаттарды рәсімдеу т.б сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларымен бөлісті.Ой пікірлерін айта отырып, өз тәжіррибелерімен бөлісті.  

  Соңынан  тоқсандық  жиынтық бағалауға  модерация қалай жасалу керектігін, хаттама үлгілері,  нормативтік құжаттармен, нұсқаулықтармен  таныстырылды.

  « Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс» деп қорытындыланды.

Автор: №5 ОМ