Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.01.2008ж. №64 қаулысы бойынша «Жалпы оқумен қамту қорын» бөлу және жұмсау туралы
«Жалпы оқыту қоры» әлеуметтік жағдайлары төмен, ата-анасыз қалған, қамқорлыққы алынған, күн көріс деңгейі төмен отбасыларынан шыққан балаларына материалдық көмек беру және оларды бір мезгіл тамақпен қамтамасыз ету үшін бөлінеді. Қаржыны дұрыс жұмсау мақсатында құжаттар тізбесі беріліп,
Осы категорияға жататын оқушылар тізімі алынады. Қамқоршылық кеңестің мүшелерімен бірігіп, тізім ұсынылады.
|
163 спец. «Жалпы оқыту қоры» |
|||
|
1 мезгіл тамақтын ақысы 500тг. |
|||
|
Аз қамтылған отбасы немесе т.б. категорияға жататын отбасы балалары |
Тамақтануға бөлінгені |
Киім, аяқ-киім, оқу-құралдарына бөлінгені |
Сауықтыру лагерге бөлінгені |
|
77 |
2454000 |
0 |
60000тг.,/ 6 бала |
Әлеуметтік қорғалмаған оқушыларды қолдау қалай жасалады
Әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға көмек ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың не кәмелеттік жасқа жеткен білім алушының өтініші негізінде бөлінеді.
Жалпы оқу қорынан көмек келесі санаттағыларға көрсетіледі:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
- жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
- төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
- білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі - білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды.
Ата-анасыныңнемесеолардыңорнындағыадамдардыңнекәмелеттікжасқажеткенбілімалушыныңөтінішімектепдиректорыатынаберіледі. Өтінішалқалыорганментүскенкүнненбастап15 күнішіндеқарастырылады
Жалпы оқу қорынан көмек:
1) киім, аяқ киім, оқулықтар, оқу құралдарын, мектеп-жазу құралдарын сатып алуға;
2) мектепте тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға;
3) қаржылай көмек көрсетуге;
4) санаторий-курорт ұйымдары мен демалыс лагерьлеріне жолдамалар беруге;
5) білім алушылардың мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуына жұмсалады.