Размер шрифта:

Информация о проведении мероприятия «Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ»

Дата: 2019-11-13 09:03:43
Информация о проведении мероприятия «Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ»

Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі, оны қоршаған ортаға, әсіресе отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Үйдегі заңсыздыққа бойы үйренген бала басқаның да құқығын сыйламайтын, ол туралы ойланбайтын болады, керісінше жанұядағы жақсы қарым-қатынаста өскен бала ертең қайырымды болып өседі. Баланы түзу өсіретін қорқыту-үркіту емес, оның еркін өсуі жан-жақты дамуына игі әсер етеді. Сондықтан да бала тәрбиесіне көңіл бөлу мақсатында мектебімізде 4 – 22  қараша аралығында «Зорлық - зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» науқан бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Алдын ала жасалған жоспар негізінде іс-шаралар өткізілді. Барлық іс-шараларды өткізуге мектеп әкімшілігі, мектеп инспекторлары және мектеп медбикесі  бірлесе отырып атсалысты, сыныптар да белсенділік танытты.
    Сынып жетекшілер «Әр бала қатыгездіксіз және зорлық – зомбылықсыз балалық шаққа құқылы» тақырыбында сынып сағаттары  және кітапханашы Махашова Көптілеу Шойынбайывнаның ұйымдастыруымен «Балалар мен балалық шақты қорғайық» атты көрме өткізілді.

    Мектеп инспекторы «Заң – балалық шақтың сақшысы» атты кездесу және сауалнама алу жұмыстарын жүргізді. 8-11 сыныптарға «Қауіпсіз жыныстық қатынастар мәселесі бойынша» №1 емхананың дәрігерлерімен “Бізге бәрі қызық” атты мектеп оқушыларымен сұхбат өткізілді. «Зорлық-зомбылықтың бала жан дүниесіне тигізер әсері» атты ата-аналар үшін семинар-тренинг мектеп психологы өткізді. «Тең - теңімен» атты спорттық сайыстар ұйымдастырылды.

    «Қатыгездіксіз балалық шақ», «Бала зорлық-зомбылығына немқұрайлықпен қарауға жол жоқ», «Адам болып қалайық» атты зорлық-зомбылық пен қатыгездік мәселесіне арналған суреттер байқауы 15 қараша күніне жоспарланып отыр. Аталмыш шара 18 қараша күні 9-11 сынып арасында да «Бәріміз бірге әлемді өзгертеміз» атты ең үздік әңгіме (эссе) байқау ұйымдастырылуымен аяқталады.

Автор: СШ №5