Күзгі демалыс уақытында ұйымдастырылған түнгі рейд жұмысының ақпары

Дата: 2019-11-04 13:56:21
Күзгі демалыс уақытында ұйымдастырылған түнгі рейд жұмысының ақпары

    Мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2019 жылдың 28 қазан және 1 қараша аралығындағы күндері кешкі сағат 19.00 - 23.00 аралығында мектеп әкімшілігі түнгі рейд жүргізді. Түнгі рейдтік іс –шарада қала көшелері  Желтоқсан, Сейфуллин, Молдагулова, Мира көшелері, ықшам аудандар, қала орталығы бойынша ойын сауық, кафе, дүкендерге  және бос жүрген жасөспірімдерге бақылау жүргізілді. «Алтын шаңырақ», «Ақерке», «Улыбка», «Веснянка», «Мерей»  түнгі кафелер, Томпиева көшесінде орналасқан компьютерлік клуб және қасында орналасқан  «Калянная», Казыбекова көшесінде орналасқан «Подвал» компьютерлік клубтары араланды. Рейд кезінде осы комьютерлік клубтардан кәмелетке толмаған мектеп оқушылары және кәмелетке толмаған студенттер болды.  Оқушылардың аты – жөні, қай мектептің оқушысы екенін анықтау кезінде біраз қиындықтар болды. Оларға түңгі 22.00 кейін далада немесе тағы басқа жерлерде ата – анасының қарауынсыз жалғыз жүруге болмайтындығы айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мектептің І тоқсан есебі бойынша МІЕ және ЮПТ есебінде оқушы жоқ.

Жағдайсыз отбасы – 2.

Рейдке қатысқан адамдардың жалпы саны: 26

Мұғалімдер: 20

Ата – ана: 5

Мектеп инспекторы: 1

Автор: №5 ОМ