"Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы" біріңғай ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Дата: 2019-10-26 10:46:15

     "Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы" біріңғай ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Саяси саналылыққа,адамгершілікке, достыққа,елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға, отбасы құндылықтарын білуге тәрбиелеу. Қонаққа Нұрсейтовтер отбасы шақырылды. Олар Жақсылық ата мен Майра әжей балалары Рақат, Назым, немерелері мен бірге келді. Отбасы сыйластығына, мамандық таңдаудың қыры мен сыры,отбасындағы салт-дәстүрлер  туралы сұрақтарға жауап берді. " Бақытты  отбасы"  бейнеролигін көріп, оқушылар өз ойларын айтты. Соңында Ерланқызы Айханым "Қос бәйтерегім"  әнін орындады. Оқушылар белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты. Жүргізушілер:  7 а сынып оқушылары Мұрат Сұлтан мен Жұматай Адамбек іс-шараның тартымды өтуіне күш-жігерлерін салды.

Автор: №5 ОМ