№1 емхананың дәрігерлері «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Қыз балалардың жеке гигиенасы» тақырыбында дәріс өткізді

Дата: 2019-10-14 10:13:41
№1 емхананың дәрігерлері «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Қыз балалардың жеке гигиенасы» тақырыбында дәріс өткізді

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес 2019 жылғы 4-14 қазан аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясымен қыздардың құқықтарын және бүкіл әлемде олардың тап болатын мәселелердің ерекшеліктерін мойындау белгісі ретінде жарияланған Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндігі біздің мектебімізде де өткізілді.

  Онкүндіктің мақсаты – қыздардың білім алу, медициналық қызметті алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу құқықтарын жүзеге асыру. Қыздар мен әйелдердің құқықтарын бұзу үшін жағдайлар жасайтын стереотиптерді жеңу, ерте және мәжбүрлі некелерді теріс құбылыс ретінде айыптайтын қоғамдық пікір қалыптастыру.
     2019 жылдың 11 қазаны күні 7-11 сынып қыздарына №1 емхананың дәрігерлері 
«Ерте жүктіліктің алдын алу», «Қыз балалардың жеке гигиенасы» тақырыбында дәріс өткізді. Қыз балаларға тәрбиесі, өзін –өзі ұстауы және қыз баланың қылығы жайлы әңгіме жүргізіліп, қыз балалар өз ойларын айтып атсалысты және мектеп медбикесі қыз баланың жеке гигиенасы жөнінде мағлұмат берді.

Автор: №5 ОМ