«Шаңырақтың киесі-даналықтың иесі»
Дата: 2019-09-28 10:45:50
27 қыркүйекте ЖББ № 5 орта мектеп кітапханасында қарттар күні қарсаңында «Шаңырақтың киесі-даналықтың иесі» атты кездесу кеші өткізілді. Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылық пен мейірімділікке, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.