1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай ұйымдастырылған іс- шаралар ақпары

Дата: 2019-03-04 09:17:26
1 наурыз «Алғыс айту» күніне  орай  ұйымдастырылған  іс-  шаралар ақпары

1 наурыз «Алғыс айту» күніне  орай   мектебімізде  іс-шаралар жоспары құрылып таныстырылды. Мектептің бірінші қабатында  «Біздің күшіміз бен гүлденуіміз-Қазақстан халқының бірлігінде» тақырыбында  ақпараттық стенд жасалынып, плакаттар ілінді. Осыған байланысты оқушыларға тапсырма берілді.Кітапханада   «Ұлт бірлігі-ұлы байлық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып  оқушыларға таныстырылды. 1-11 сыныптар арасында «Алғыс айта білейік!» тақырыбында сынып  сағаттары  өткізілді. Мектеп кітапхана меңгерушісі  Махашова К.Ш ұйымдастырумен  6-7 сынып оқушылары арасында  «Татулық  бірлік бастауы» тақырыбында   кітапханалық сағат  өткізілді. 5-6 сынып оқушыларымен  "Қазақстан – бейбітшілік пен достық елі"атты  5-6 сынып оқушыларымен  ұлттық ойындар және   тоғызқұмалақ ойнатылды. 8-сыныптарда  Мұқаметжан Т.Д ұйымдастыруымен  «Бауырмалдылықты сезіне білдік» атты  дөңгелек үстел өткізілді. Мектептің бірінші қабатында  теле экраннан  "Сенің алдағы тамаша, менің елім, менің Қазақстаным" тақырыбында   бейнероликтер көрсетілді. 28 ақпан күні  Алғыс айту күніне арналған  салтанатты  сап жиын өткізілді.  7-8 сынып оқушыларының қатысуымен дайындалған  үгіт – насихат тобы   өнерлерін көрсетті.  Жоспарланған іс-шаралар  жоспар бойынша  өткізіліп мектеп сайтына  жүктелді.

Автор: №5 ОМ