Химия пәні бойынша қалалық ашық сабақ

Дата: 2019-02-28 09:09:04
Химия пәні бойынша қалалық ашық сабақ

Жаратылыстану математика бағытында  мектебімізде  химия пәні бойынша қалалық  ашық сабақ жоспарланып өткізілді. 2019 жылдың  ақпан айының 12-күні ашық сабақты химия пәнінен 7 сыныпта Торебекова С.С.  өткізді.

Сабақта   қолданылған белсенді стратегиялары  оқушылардың шығармашылық дамуына, логикалық ойлауына, функционалдық  сауаттылығына негізделіп құрылғандығы байқалды.

Химия пәнінде оқушылар «Bilimland.kz» сайтынан бейне жазбаны қолдана отырып, оқушыларға жеке және жұптық жұмыстар берілді. «Дана  үкі» әдісі арқылы оқулықтағы мәтінмен жұмыс беріліп, оқушылар өз түсінгендерін жетік жеткізе білді. Постер қорғау барысында оқушыларды бақылап, кері байланыстар арқылы саралап отырды.  «Ортадағы қаламсап»  әдісінде сұрақтар беру арқылы тақырып бойынша білім-білік дағдысы қалыптастырылды. 

Автор: №5 ОМ