«Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясының қорытынды ақпары
2019 жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында мектебімізде «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы өтті.
Акция мақсаты– әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер(киімдерінің, аяқ кимідерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу.
«Қамқорлық» акциясының айлық жоспары құрылып, бекітілді.
2019 жылдың 23 қаңтарында 7-11 сынып оқушыларына «Жасөспірімдердің құқығы» тақырыбында мектеп инспекторы Жандыгулов Қанат Жакипбекұлы дәріс өткізді. Оқушыларға құқық туралы баяндама оқыды.
2019 жылдың 05 ақпанынан 09 ақпан аралығында аз қамтылған, жетім, ата –анасының қамқорлығынсыз қалған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға мектептің жалпы білім беру қорынан бөлінген 254 200 (екі жүз елу төрт мың екі жүз мың) теңге қаржыға оқу –құралдар, қыстық аяқ киімдер таратылды.