8-11 сыныптар арасындағы 53-ші жалпы білім беретін негізгі пәндер олимпиадасы
Дата: 2019-02-05 09:24:46
Білім бәсекесінің шыңы дәстүрлі мектепішілік пән олимпиадасынан бастау алары сөзсіз. Биылғы жылы жалпы білім беретін № 5 орта мектебінен мектепішілік олимпиадаға 8-11 сынып оқушылары арасынан 120 оқушы қатысып, қалалық кезеңге 22 оқушы жолдама алды. Қоғамдық гуманитарлық бағыт бойынша 10 оқушы, 12 оқушы жаратылыстану –математика бағыты бойынша бақтарын сынады.
Мектебіміздің 8 А сынып оқушысы Толеуғазыұлы Арұлан 53-ші жалпы білім беретін негізгі пәндер олимпиадасының қалалық кезеңінде география пәнінен 2-ші жүлделі орынды, 9 А сынып оқушысы Келдібеков Нұрбол математика пәнінен 3-ші орынды, 9 А сынып оқушысы Тлеутай Нұрай қазақ тілі және әдебиет пәнінен 3-ші орынды иеленді.