«Барлық тамаша кітап бір – біріне ұқсас келеді, себебі олар өмірден шынайы»
Дата: 2018-11-05 17:45:11
Қалалық білім бөлімінің бекіткен жоспары бойынша «100 кітап аллеясы» жобасын «Қараменде би» ескерткіші алаңында кезекті шараны №4,5 орта мектептері өткізді.
Мақсаты: Жалпы қоғам назарын кітап оқуға байланысты қызығушылықтың төмендеуіне , адамның жеке тұлғасын қалыптастырудағы кітаптың рөліне назар аудару,оқырман мәдениетін дамыту және қолдау.
Біздің мектептің 5 сынып оқушылары Д.Абельдинова, Н.Қымыран, М.Базылхановтар белсене қатысты.
Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.