«Алтын ұрпақ» интеллектуалды сайысы
Дата: 2018-11-01 11:57:25
31.10.18ж. күні 3 сыныптар арасындағы «Алтын ұрпақ» интеллектуалды сайыс сабағы өтті.
Сайыс мақсаты оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту. «Алтын ұрпақ» интеллектуалдық сайысына 3- сыныптар арасынан құралған «Дарын», «Жұлдыз», «Жігер» атты үш топ қатысты. Әр топта он оқушыдан болды.
Сайыс V кезеңнен тұрды:
I кезең: «Шарлардан шыққан бас қатырғылар
II кезең: «Айшықты сөздер»
III кезең: «Жұмбақ бейнені табу»
ІV кезең «Жолайрық»
V кезең: «Ойлан, тап!»
I кезеңде: «Шарлардан шыққан бас қатырғыларда» оқушылар берілген сұрақтарға жауап берді, II кезең: «Айшықты сөздер» кезеңінде сөздердің ауыспалы, тура мағынасын атап көрсетті,III кезеңде: «Жұмбақ бейнені табу» жасырынған бейнені қимыл көрсету арқылы тапты,ІV кезеңде «Жолайрық» кезеңінде берілген әріптерден сөз құрастырды, V кезеңде: «Ойлан, тап!» жағдаяттық сұрақтарға жылдам жауап беру.