"Ұшқан ұя"
Балқаш қаласы №5 орта мектебінде 6 А сынып оқушылары арасында Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесібойынша кітапхана меңгерушісі Махашова К.Ш. мен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Имангалиева Ж.М. ұйымдастыруымен оқырмандар конференциясы өтті.
Мақсаты: Бауыржан Момышұлы ұлылығын терең сезіну, қайталанбас азамат тұлғасынан үлгі алу, Бауыржан шыншылдығының дәрежесінің адамгершілік кемелдігіне тоқталу. Ұлттық тәлім - тәрбие, өнеге, салт-дәстүрді, Отанды сүйетін ұлтжанды, парасатты,сезімтал ұрпақ тәрбиелеу.
Конференция барысында оқушылар Бауыржан Момышұлының шығармашылығымен, ерлікке толы өмірбаянымен танысты. «Ұшқан ұя» повесінің мазмұны бойынша қойылған бірнеше сұрақтарға жауап берді. Жұмағали Мерұлан, Кенесбай Ақбота, Мұрат Сұлтан, Чекушкина Меланья сияқты оқушылар өз ойларын ортаға салып, шығарманы оқу барысында алған әсерлерімен бөлісті. Көрермен ретінде 5 А сынып оқушылары қатысты. Конференция соңында «Бауыржанның өз дауысы» атты бейне фильм көрсетілді.