«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі» КММ –нің 2018-2019 оқу жылы бойынша ұйымдастырылған түнгі рейд жұмысының ақпараты
Мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында2018 жылдың 12 қазаны күні кешкі сағат 23.00-24.00 аралығында мектеп инспекторымен бірге әлеуметтік педагог Төлеген Жазира Манатбеққызы, алғашкы әскери жетекші К.Е.Сауганбаев, дене шынықтыру пәні мұғалімі С.П.Панарбеков түнгі рейд жүргізді. Түнгі рейдтік іс –шарада қала көшелері 1, 2, 3, 17, 21 мөлтек аудандары, Желтоқсан, Сейфуллин, Молдагулова, Мира көшелері, қала орталығы бойынша ойын сауық, кафе, дүкендерге және бос жүрген жасөспірімдерге бақылау жүргізілді. Кәмелетке толмағандарға түнде қала кезіп,ойын –сауық орталықтарына кіруге болмайтыны жайлы және студент жастарға әкімшілік құқық бұзушылық туралы ақыл –кеңестер айтылды.
«Алтын шаңырақ», «Ақерке», «Улыбка», «Веснянка», «Мерей» сияқты түнгі кафелер араланды. Рейд кезіндекәмелетке толмаған мектеп оқушылары анықталаған жоқ және тәртіп бұзушылық болған жоқ.