«Ұлы Абай ізімен»
«Ұлы Абай ізімен» атты қалалық Абай оқуына «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі»КММ-нен үш оқушы қатысып қайтты. Байқаудың мақсаты: оқушыларға Абай шығармаларын насихаттай отырып, ұлы ойшылдың рухани мұрасын, тарихи танымдарын ізгілікке, азаматтыққа, парасаттылққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін қалыптастыру.
Осы орайда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Имангалиева Ж.М. А.Н.Ибрайбекова,Б.Т.Адамбаеваның оқушылары үщ түрлі сайыс бойынша бақтарын сынап, мектебіміздің намысын қорғап келді.
,,Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы’’-номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Гүлсая Мақажан Абайдың 50 өлеңін жатқа айтып , жүлделі 3-ші орынды иеленді.Жетекшісі: Адамбаева Б.Т.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» жас дарындылар байқауы номинациясы бойынша 9- сынып оқушысы Әзімхан Дінмұхамед өз шығармасын оқып жүлделі 2- орынды иеленді.Жетекшісі: Ибрайбекова А.Н.
5-сынып оқушысы «Көңілім әнді ұғады» әнін орындаған Ерланқызы Айханым 3 дәрежелі орын иеленді. Жетекшісі: Имангалиева Ж.М.