ЖББ №5 орта мектеп жанындағы «Күншуақ» демалыс орталығының 05.06.2018 жылы өткізілген іс-шаралар ақпары

Дата: 2018-06-06 11:46:37
ЖББ №5 орта мектеп жанындағы «Күншуақ» демалыс орталығының 05.06.2018 жылы өткізілген іс-шаралар ақпары

05.06.2018 жылы  «Күншуақ» демалыс орталығының балалары сағат 08.45-09.00 аралығында қабылданып, таңертеңгі сергіту жаттығунан кейін таңғы асқа барды. Оқушылардың қызығушылықтарына сәйкес 3 үйірмеге қатысты. Ағылшын тілі мұғалімі Тойшыбаева С. танымдық ойын түрінде жүргізген 30 минуттық ағылшын тілінде балалар  күнделікті қолданысқа қажетті сөздерді қайталап жаттықты. Лагерь демалушылары  би үйірмесінде де белсенділік танытты.

Аға тәлімгер Кунарбекова К.М. ұйымдастыруымен лагеріміздің өнерлі өрендері өз өнерлерін ортаға салысты. Абильдина Дильназ, Кабдырахман Аружан ән айтса, Батабай Ажар, Сагамбек Айару мың бұралып би биледі.

Балалардың бұл күні таза ауадағы серуенмен жалғасты.  

Автор: СШ №5