Қамқоршылық кеңес жиналысы хаттамасы №4

Дата: 2018-05-28 23:44:57

Балқаш қаласы жалпы білім  беретін №5 орта мектебі» КММ

 Қамқоршылық кеңес  жиналысы
 хаттамасы №4

21.05.2018ж.

 

 Жиналысқа қатысқандар
Кеңес төрағасы- Жайнабеков  Бахыт  Исагалиевич
 Кеңес мүшелері:
Асылбеков Жандос  Калкенович
Жұмабаев Айдын Есентайұлы
Сейтжанов Қайыржан Арсланұлы
Адамбаев Дулат Нургалиевич
 Тлеубеков Бексултан Комекбайулы
Садыков Куат Абдибекович
 Кайпбергенов Бахытбек Кымранович
 Қожахметова Динара  Жанатовна

 

Күн тәртібінде:

1.Оқу-материалдық базасының сақталуы мен үнемі толтыруын қамтамасыз ету.
2.Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға көмек көрсету
3.Қамқоршылық кеңесінің бір жылдық жұмысының талдауы.

 

Тыңдалды:

1-ші мәселе бойынша  мектеп директоры   Абдуалиева Айна Тлеккабыловна  мектептегі  оқу-материалдық базасының  сақталуы жайында  ақпар берді.

2-ші  Мектеп оқушыларының  жазғы демалысын ұйымдастыру  туралы  директордың тәрбие ісінің орынбасары  Шакижанова Алма Конысбаевна  айтып өтті. Биылғы  «Күншуақ» жазғы демалыс лагері үш ауысым бойынша  жұмыс  жасайтындығы І ауысым- 01.06-12.06 , 60 оқушы,ІІ ауысым-14.06-25.06,40 оқушы, ІІІ ауысым-26.06- 06.07,20 оқушы қамтылдатындығы  және осылардың  ішінде  4 оқушы   екі қамқорлыққа алынған, екі аз қамтылған  отбасылардың балалары тегін  қатысатындығы, және барлық жағдай жасалынғандығы туралы   хабардар етті.

3-шімәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы  жыл бойы атқарылған  іс –шаралар бойынша   ақпар берді. Онда  мектептің мерекелік іс-шараларына  белсенді  түрде  кеңес мүшелерінің қатысқаны туралы және  сабақ кестесін бекіту, тоқсан сайын кеңес отырыстары өткізілгені туралы айтылды. Кеңес білім беру ұйымдарын дамытудың басым бағыттары бойынша және білім беру ұйымы басшысының есептерін тыңдауға қатыстырылды. «Шапағат»әкелер кеңесімен бірлесе отырып, қала көшелеріне  ұйымдастырылған  рейдттер  қорытындысы айтылды. Кеңес мүшелері мектептің оқу-тәрбие жұмысына  өз бағаларын беріп , келесі оқу жылында  жағдайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушыларға  көмектер көрсету  жолдарын қарастыру керектігі айтылды.
Мектеп  директоры  Қамқоршылық кеңестің  жыл бойы атқарылған жұмысына  қорытынды  жасады.

 

Қаулы:


1. 2017-2018 оқу жылында қамқоршылық кеңестің атқарылған жұмыстарының есебі қанағаттанарлық деп табылсын.

2. Мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі жандандырылсын.

 

 

 

                     

                    Кеңес төрағасы:       Жайнабеков Б.И

                    Хатшы:                     Қожахметова Д.Ж

 

 

 

Автор: СШ №5