«Жалпы білім беретін №5 орта мектебі»КММ-де 25.05.2018ж күні өткізілген «Сәт сапар саған, жас түлек!-2018» салтанатты жиын ақпары
ЖББ№5 орта мектебінде 25.05.18 күні сағат 10.00-де «Сәт сапар саған, жас түлек!-2018» салтанатты жиыны өткізілді.Жиынға 11А сыныбының ата-аналары,әкелер кеңесі және аналар мектебі мүшелері,мектеп ұстаздары және қалалық білім бөлімінің әдіскері Мухаметжанова Жайнагуль Саденовна, Балқаш қаласының қаржы бөлімі бастығы Тлеулесова Жанат Маратовна шақырылды.Мерекелік іс-шара 2018 жылғы айтулы мерекелер Қазақстан Республикасының астанасы-астана қаласының 20 жылдығы және Елбасының «рухани жаңғыру» бағдарламасымен тұспа-тұс келу ітуралы айтыла отырып басталды.Салтанатты жиынды мектеп басшысы Абдуалиева Айна Тлеккабыловна сөз сөйлеп ашып берді және шақырылған қонақТлеулесова Жанат Маратовна мектеп бітіруші түлектерді құттықтап,ақ жол тіледі.11 сынып түлектері ұстаздарына деген құрметін өлеңдер арқылы жеткізді.1сынып оқушылары түлектерге ән шашуларын арнады.Аманат тапсыру рәсімі өткізілді. Түлектердің алғашқы ұстазы Сопыханова Гүлнара Тиыштыкбаевна,11 сынып жетекшісі Жакупбеков Мадияр Исмуханұлына,ата-аналар атынан Мұсабеков Қайыр Советұлынақұттықтау сөз берілді.2017-18 оқу жылының соңғы қоңырауын 11 сынып оқушысы оқу озаты облыстық физика пәнінен ІІІ орын жүлдегері 11-сынып оқушысы Амантаев Әділет және 1 сыныптың үздік оқушысы Имангазина Кәусарсоқты. Жиын соңында мектеп бітірушілердің мектеп вальсі биленіп,мектеп ауласында түлектер шар ұшырумен аяқтады.





