Размер шрифта:

«Соғыс. Жеңіс. Естелік»

Дата: 2018-05-10 15:04:11
«Соғыс. Жеңіс. Естелік»

       Ұлы Отан соғысының аяқталғанына міне,жетпісүш  жыл толмақ. Отаны үшін қаншама әпкелеріміз бен ағаларымыз жанын қиды.   Осыған орай мектебемізде 1- 11 сынып аралығында  7 мамыр Отан қорғаушылар күніне және 9 Мамыр  Ұлы Жеңіске 73 жыл толуына орай патриоттық «Ерлікке тағзым» атты саптық жиын өтті. Ерлік күніне орай патриоттық бағытта  оқушырлар  қалалық мұрағатқа саяхат сабағына қатысты. Оқушылар мұрағатта Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өзіміздің жерлес ардагерлеріміздің батырларымыздың ерен еңбегімен танысты. Балқаш қаласының 1937 жылы латын әліпбиінде шыққан басып шығарған «Балқаш жұмысшысы» газеттерімен танысты. Оқушыларға «Соғыс. Жеңіс. Естелік» , «Война. Победа. Память» атты слайд көрсетілді. 7 ә сынып оқушылары мұрағат қызметкерлері дайындаған ерлік сабағын мұқият тыңдап, қызықты танымдық ақпарат алды. 1941 -1945 ж.ж . Балқаш қаласының зауыты жұмыскерлері соғыс үшін оқ, тіпті қару - жарақ бөлшектерін жасап шығарып, зор үлес қосып, еңбегін аямай тылда еңбек етті. Сонымен қатар тыл ардагерлерімен таныстырды. Миллер, Хоружая, Р. Қошқарбаев , Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова және Мәншүк Мәметова т . с с қазақстандық батырларымыздың жауынгерлік ерліктерімен таныстырды.

        8 мамыр күні  мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналған болатын. Саптық жиында мәңгілік алау макетіне 11 сынып оқушылары гүл шоғын қойып бір минут үнсіздік жариялады. 6 сынып қыз балаларынан кұрылған  «Көктем»  би ансамблі «Сұрапыл соғыс» атты сахналық би қойылымын көрсетті. 5 сынып оқушылары үгіт – насихат тобы  «Ерлік – ұрпаққа мұра» атты өлең шумақтарын мәнерлеп оқып берді. Сонымен қатар Сап жиынында 10 а сынып оқушысы Тлеутай Айжүрек және 6 а сынып оқушысы Нұрылдаев Нұрсұлтан «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» әнін орындап берді. Оқушылардың патриоттық рухын арттыру мақсатында 7 а сынып оқушылары мылтықтың көмегімен көрсетті.  2 сынып бүлдіршін бишілер «Журавли» биін көрсетіп сонау соғыс жылдарын оқушылардың көз алдына елестетті. 5 а сынып ұл балалары «Алға» әнімен әскери дефиле көрсетті. Қорытындысында  мектебіміздің белсенді  жүргізушісі 7 а сыныбының үздік оқушысы Русланқызы Баян : аАта - бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын деп саптық жиынды аяқтады.

       9 мамыр – Ұлы Отан соғысының жеңісіне 73 жыл толуына орай қалалық мәңгілік алау жанында салтанатты шеру өтті . Бұл шеруге мектебіміздің барлық ұстаздар ұжымы  және 10 - 11 сынып оқушылары қатысты.  Шеруге қатысатындар «Танк» ескерткішінің алдында сағат 9. 00 жиналды. Осы күні мектебімізден  5-7 сынып оқушыларынан Ұлы Отан соғысындағы қайсар аталарымыз бен әжелеріміздің ерен еңбегі және ерліктеріне арналған  «Қаһарман ұлт»  атты шеруге шықты. Қатысқан оқушылар аталарының порттерін ұстап шеруге шықты. 9 сынып оқушылары мәңгілік алауға күзетке шықты олар : Аданкулов Әли 9 ә, Тойшыбай Әділжан 9 ә, Базылхан Абай 9 ә, Бағидолла  Ақжол 9 а , Кәрімхан Ерсағын 9 ә қатысты. «Қаһарман ұлт» полкісі ұстап шыққандар: Абылай Гүлзада 7 ә сынып, Чекушкина Меланья 5 а , Төлеуғазы Арұлан  7 а,  Ерболов Дамир 5 ә, Абузар Сабина 7 а сынып оқушылары. Сондай – ақ мектебіміздің хореографы Ғазиз Тоғжан Мейірханқызы жетекшілігімен  7-8 сынып оқушылары солдаттар кейіпінде биге қатысты. Биге қатысқан оқушылар : Болатбек Аргүл 7 ә, Жұматай Эльмира 7 ә, Сағынышқызы  Айшагүл 7 ә, Шанайхан Нұрсұлу 7 ә , Қуанышева Аяжан 7 ә, Тұрғанбай Маржан 7 ә және 9 а сыныптың  қыздары : Серікова Ақнұр, Мақажан Гүлсая, Нұрдаулетқызы Дильназ, Жақсылыкова Айнұр қатысты.  Ұстаздар қауымы мектебіміздің атынан мәңгілік алауына гүл шоғырын қойды. 6 а сыныбының оқушылары Тимофеев Альазиз бен Нұрылдаев Нұрсұлтан «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» деген патриоттық әнін сахнада шырқап берді. Бұл күн оқушылардың есінде жақсы әсер қалдырды.

Автор: №5 ОМ