Мектебіміздің мақтанышы – Сауран
ЖББ №5 орта мектебінің 10 «А» сынып оқушысы Серик Сауран- мектебіміздің патриоты. Өйткені сабағын үздік оқуымен бірге қалалық, облыстық, республикалық байқауларға үнемі қатысып, өзінің шығармашылық дарынын жетілдіруде алдына жан салмайды. Үнемі ғылыми жұмыстармен айналысып, жетістіктерге қол жеткізуде. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп бекер айтылмаса керек. Сауранның үлкен жетістіктерге жетуіне мектебіміздің география пәні мұғалімі , Сауранның жетекшісі - Жұмабекова Бақытгүл Өмірбековнаның тәжірибесі мен тәрбиесінің нәтижесі. Бақытгүл Өмірбековна өте шығармашыл,білімді де ,білікті маман иесі. Шәкірт тәрбиелеуде үлкен қосып келеді. Сауранның жетістіктерін айтатын болсақ : ОҚ ШҒА 48-ші ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде өткен 2-ші деңгейлі аймақтық ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауында жеңіске жеткені үшін Серік Сауран мен жетекшісі - Жұмабекова Бақытгүл Өмирбековна ІІ орын , ОҚ ШҒА 31-ші ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде өткен 3-ші деңгейлі аймақтық ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауына қатысқаны үшін Серік Сауран , жетекшісі - Жұмабекова Бақытгүл Өмирбековна марапатталды.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, КарГУ-да 2-ші деңгейлі аймақтық оқушылар арасындағы биология, география және экология салалары бойынша өткен «Ғылым әлеміне қадам» ІХ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясында ІІІ орынға ие болды.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, КарГУ-да оқушылар арасындағы биология, география және экология салалары бойынша өткен «Ғылым әлеміне қадам» ІХ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясында қатысқаны үшін ;
Қарағанды облысының білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығынан мектеп оқушылары арасында өткізілген «Не? Қайда? Қашан?» облыстық зияткерлік ойынының Чемпионатына қатысқаны үшін ;
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырылған қалалық «Ұлттық қазына» атты кітапшалар презентациясына белсенді қатысқаны үшін ;
2008-2018 жылдар бойы жақсы оқып, мектеп іс-шараларына , мектеп өміріне белсенді қатысқаны үшін ;
2001-2018 жылдар бойы үздік оқығаны үшін марапатталды. Сауранның болашағы жарқын, туған елінің нағыз патриты болуға лайық азамат етіп тәрбиелеген ата-анасына, мектебіне, жетекшісіне айтар алғысымыз шексіз. Білімді де алғыр жас ұрпақтарымыз көбейе берсін! Шығармашылығың шыңдала берсін, Сауран!
