Размер шрифта:

7 сәуір 2018 жылы жалпы қалалық сенбіліктіктің ақпары

Дата: 2018-04-16 10:48:12
7 сәуір 2018 жылы жалпы қалалық  сенбіліктіктің ақпары

       7 сәуір  күні таңертеңгі сағат 10 – нан бастап 5- 10 сыныптар үшін сенбілік өтті. Мектеп айналасын және арнайы белгіленген жерде  тазалау мақсатында сенбілік жұмыстарына  5 – 10 сынып оқушылары және сынып жетекшілері белсене ат салысты. Жалпықалалық сенбілікте  205 оқушы қатысты . Барлық мектеп оқушылары мен мұғалімдер сенбілікке шығып, мектеп ауласы мен мектеп аумағын тазартты. Онда оқушылар өздеріне бөлінген  жерді тазалап, әр сынып оқушылары өздеріне жүктелген тапсырманы үлкен жауапкершілікпен атқарды. Еңбекке деген сүйіспеншіліктері артып, "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей, бірлесе, ұжыммен қызу жұмыс жүргізді. Сенбілікке қатысушылар қажетті мөлшерде құрал-саймандармен, қоқысты жинауға арналған пакеттермен және қолғаптармен қамтамасыз етілді. Амангелді көшесі бойынан бастап Желтоқсан көшесіне дейін 9 – 10 сынып оқушылары көшенің бойындағы қоқыстарды,тағы басқа сол сияқты тазалау жұмыстарды жүргізді.Тазалық жұмыстары барысында сыпырып, тазарту жұмыстары  жүргізілді. Сондай-ақ, оқушылар жиналған  қоқыстарды арнайы жерге үйіп, мектеп саябағын бұтақ арасындағы арықтарды қураған жапырақтардан  тазартты. Сенбілікке  қатысқан оқушылар  және мектеп әкімшілігі белсене ат салысып, өздеріне тапсырылған жұмыстарды тиянақты аяқтады. 

Автор: №5 ОМ