Размер шрифта:

«Балауса бұрымды қыз – 2018» байқауы

Дата: 2018-04-04 13:44:45
«Балауса бұрымды қыз – 2018» байқауы

             Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында  және Астана қаласының 20 жыл толуына орай Наурыз мерекесі қарсаңында мектебімізде даярлық топтары және 1- 2 сынып арасында «Балауса бұрымды қыз – 2018» байқауы ұйымдастырылды. Аталмыш іс – шараға алдын ала сыныптарға хабараландыру айтылып іс- шараның мақсаттары мен міндетері анықталды. Байқаудың мақсаты қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік,көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б. жан жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың танымдық жәнешығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту,көпшілік алдында өзін өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу болатын. Бұрымды қыз байқауына  қатысушы өнерпаздар барынша өз өнерін толығымен көрсетіп  көрермендер көңілінен шықты. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде иегері яғни «Бұрымды балауса – 2018» болып даярлық тобының оқушысы Айтан Аружан иеленді. Бірінші орынды Асқарқызы Диана иеленсе,  қалғандары «Ерке қыз», «Зерделі қыз», «Шебер қыз», «Өнерлі қыз» номинацияларына иеленді. «Бұрымды балауса – 2018» байқауы өз дәрежесінде өтіп , әрі қарай өз шағын концертпен жалғасын тапты.

Автор: №5 ОМ