«Наурыз - жыл басы»
Дата: 2018-03-26 11:03:10
Балқаш қаласындағы № 5 орта мектебінде 16 наурызда2 «Б» сыныбында «Наурыз- жыл басы» атты ашық сынып сағаты өтті. Мерекеміз бір шаңырақ астында, бір үйдің баласындай тату, әрі қуанышпен аталып өтті. Балалар салт- дәстүрлерді көрсетіп, ойын –сауық құрып, ән, шашу, би өнері мен үлкендерді таңырқатты. Оқушылар наурыз жайлы бар білгендерін айтып, үш топқа бөлініп, жоба қорғады,ұлттық ойындарды ойнап, біраз бой сергітіп алды. Наурыз мерекесінде Қыдыратамыз келіп, батасын берді. Біздің сынып үшін Наурыз мерекесі келесі жылға дейін естелік болып қалатыны анық. Мереке соңында барлығы естелікке суретке түсті.